Жаңалықтар

Депутат Парламент ғимаратынан секіріп, қашып кетті

Депутат Парламент ғимаратынан секіріп, қашып кетті
Фото: Видеодан кадр 11.01.2024 11:49 1419

Әлеуметтік желілерде Жогорку Кенешінің депутаты Эмил Жамғыршиевтің парламент ғимаратынан қашып кеткені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Қырғыз парламентінің депутаты Эмиль Жамғырчиевке қатысты Қырғызстан мен Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды.

Жогорку Кенеш отырысында депутаттар Бас прокурор Құрманқұл Зулушевтің Эмиль Жамғырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беру ұсынысын талқылады. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, депутатқа қатысты бір іс шекараны заңсыз кесіп өткені үшін, екіншісі алаяқтық үшін қозғалған.

2022 жылдың желтоқсанында депутат Жамғырчиев кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевпен кездесіп, қолдау табу үшін Өзбекстанға заңсыз кірген. Одан кейін16 желтоқсанда Бішкекке қайтып оралу үшін тағы да Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.

10 қаңтарда Жоғарғы кеңес депутаттары Эмиль Жамғырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақұлдады. Депутаттық комиссия отырысының соңында Эмиль Жамғырчиев БАҚ өкілдерінің алдына шықпастан, екінші қабаттағы кабинеттің терезесінен секіріп, қашып кеткені белгілі болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға