Жаңалықтар

Депутат «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын кейінге шегеруді ұсынды

Депутат «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын кейінге шегеруді ұсынды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.04.2024 19:41 304

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Биылғы көктем бүкіл ел үшін үлкен қиындықтар алып келгені баршаңызға мәлім. Әлі күнге дейін судың деңгейі әр өңірде әртүрлі. Халық абдырап, абыр-сабыр болып жатқанда басқа нәрсемен айналысып, бас қатыратын хәлде емес. Президент қазіргі қиын жағдайда, биылғы 13 және 14 маусымда жоспарланған Астана халықаралық форумын кейінге шегерді. Осыған байланысты, менің айтпағым «Отбасы банкі» арқылы 1 мамырдан бастау алатын «Наурыз» ипотекалық бағдарламасында өңірлердегі төтенше жағдай тұрақталғанша кейінге шегеру қажет. Кем дегенде, 1 маусымнан бастау алу керек, - дейді депутат.

Себебі құжатынан айырылған азаматтарға бұл бағдарламаға қатысу қиындық туғызуы мүмкін және болашақта су басқан ауыл, аудан, қала тұрғындары өзнің тұрғылықты жерінен көшкісі келсе, басқа қалалар мен елді мекендерден арнайы квота ретінде бірінші және екінші нарықтанда тұрғын үй алуға рұқсат беруді талап етті.

Елде түрлі ипотекалық бағдарламалар бар, жарты жолда талаптарын өзгертетін. БІРАҚ –  оған қойылған ережелерді орындай алмай, түрлі себептермен үй ала алмай жүрген табысы аз азаматтар өте көп. Мысалға, жалақының жетпеуі және алғашқы жананы жинай алмауы. Сондықтан жаңа ипоткалық бағдарламаға бөлінген 300 миллиард теңгеніңде игерілмей қалуының қауіпі бар. Төлемақы қабілеттерін растау қиындық туғызуда. Ол үшін бір отбасында жоғары жалақы болуы қажет. Үй аламын деп, ниеттенген азаматтардың жартысынан көбі, өкінішке орай, жоғары жалақыда емес, - дейді мәжілісмен.

Депутат болашақта түрлі бағдарламаларды шығару кезінде, министрлік, халықпен санасу қажет екенін еске салды.

Ол тізімге түрлі эксперттер, экономистер мен тұрғын үй саласында халықпен тікелей жұмыс істеп жүрген мамандарды да қосуларыңызды сұраймыз. Осы ұсыныстар мен талаптар ескеріледі деген сенімдеміз, - дейді депутат.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға