Жаңалықтар

Депутат министрлер мен олардың орынбасарларына ескерту жасады

Депутат министрлер мен олардың орынбасарларына ескерту жасады
Фото: facebook.com/edilzh 08.11.2023 10:57 607

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин министрлер мен орынбасарларына ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілстің жалпы отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі сұраққа жауапты баяндамадан оқып отыр. Біреуі жалпылама әңгіме айтады. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды. Бірақ нақты жауап жоқ. Біз қайта-қайта нақтылап сұрақ қоямыз. Олай болмауы керек, - деді Еділ Жаңбыршин.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі депутаттардың қойған сұрағына жауап бере алмай, баяндамасын оқып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға