Жаңалықтар

Депутат Базарбекке тиесілі бесік арбаны өртеген адам ұсталды

Депутат Базарбекке тиесілі бесік арбаны өртеген адам ұсталды
Фото: facebook.com/bbazarbek 11.09.2023 09:51 556

Алматыда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі бесік арбаны өртеп жіберген адам ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Базарбек әлеуметтік желіде мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, қаскөй ізін суытпай ұсталған.

Қаскөйдің жеке басы анықталды, ол ұсталды, - деп жазжы мәжілісмен.

Әзірге өзге мәлімет жоқ.

Бұған дейін Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, бесік арбаны өртеп жібергенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға