Жаңалықтар

Депутат Азат Перуашев қамауға алынған орынбасары жайлы мәлімдеме жасады

Депутат Азат Перуашев қамауға алынған орынбасары жайлы мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 11.09.2024 12:41 709

Мәжіліс кулуарында депутат Азат Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада оның ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол қоғамдық бөлімде орынбасар болып жұмыс істейді. Бірақ штатта емес. Партияда отырады. Іс-шараларға қатысады. Біз бірнеше уақыт байланыста бола алмадық. Себебі мүмкіндік болмады. Жұма күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдадық. Кеше бізге Васильев ұсталды деген ресми жауап келді. Бізге оның адвокаттарының байланыс деректері берілді. Кеше олармен хабарласуға тырыстық, әзірге олармен байланыса алмадық. Бірақ бүгін немесе ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Ал адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын білеміз. Әзірше қандай бап екені нақтыланған жоқ, - деді депутат.

Перуашев ресми хат-хабарлардан әлдебір ақпарат тарап кеткен болуы мүмкін екенін айтты.

Оған емес, Ұлттық гвардияның шенеунігіне «пара алды» деген айып тағылып отыр. Мұнда не туралы айтылып жатқанын түсінуіміз керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүрленген адам қылмыскер болып табылмайды. Пара беруді не алуды кім бастағанын түсіну керек, Васильев пе, әлде ол бопсалаудың құрбаны болды ма, - деп түсіндірді Азат Перуашев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға