Жаңалықтар

"Денсаулықтарыңды күтіңдер". Жахан Отарғалиев дертіне ем қонбай жатқанын айтты

"Денсаулықтарыңды күтіңдер". Жахан Отарғалиев дертіне ем қонбай жатқанын айтты
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev 04.01.2024 11:13 1390

Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев Стамбұл қаласында ем алып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұған дейін елімізден және көрші Қытайдан дертіне ем таба алмағанын айтқан еді. Түркия елінде де сырқатына шипа болмай жатқан көрінеді.

Жақсы адам болу – қиын заман болып кетті ғой. Бірақ кім не десе о десін, мен жақсылық жасауды, ойлауды, кемі жақсылық қалауды тоқтатпаймын. Ауырып қаламын деп ешкім ойламайды. Мен де ойламағанмын. Бірақ 4-5 ай бойы ауруханадан шықпадым. Аурудың да түрі бар. Енді осы жерге қайта келгім келмейді. Шын жанашыр достарым, денсаулықтарыңды күтіңдер, – деп жазды Instagram парақшасына әзілкеш.

Еске сала кетейік, бұған дейін  актердің белгісіз дертке шалдыққанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға