Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ еуропалық өңірлік бюросы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ еуропалық өңірлік бюросы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 02.03.2024 14:40 421

Денсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Елдік бағдарламалар және денсаулық сақтау жүйелерінің стратегиялары бөлімінің директоры Н.Аззопарди-Мускат ханыммен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосу барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы институционалдық реформаларды жүргізуде техникалық қолдау көрсету мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Биыл Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек пакеттерін біріктіруге көшу міндетін қойды, - деп атап өтті кездесу барысында министр.

Осы тұрғыда ДДҰ жүргізген Қазақстандағы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін бағалау нәтижелері ел үшін өте өзекті болып табылады.

Денсаулық сақтаудың қаржы ресурстарын басқару мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру бөлігінде техникалық қолдау мәселелері талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар 5 сәуірде Астанада өткен  Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияда басталған МСАК бойынша елдер коалициясын іске қосу алаңына айналатын Халықаралық денсаулық күні қарсаңында "Денсаулық үшін әріптестік" форумын өткізу туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға