Денсаулық сақтау министрлігі ауылға дәрігерлерді қалай тартатынын атады
16.09.2023 18:51
427
Денсаулық сақтау министрлігі ауыл дәрігерлерінің жұмысын беделді ету үшін материалдық ынталандыру тәжірибесін енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik Қазақстан мультимедия орталығында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылға дейінгі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасын қалай жүзеге асырып жатқаны туралыбаяндады.
Денсаулық сақтау министрлігі инвестициялық саясат департаментінің басшысы Самат Рамазановтың айтуынша, ұлттық жоба үш мәселені шешуге арналған. Ең алдымен бұл ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салуға қатысты.
Бұл 655 нысан – медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар. Екінші міндет – 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту. Ал үшінші міндет – осы жаңа денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету, - деді Самат Рамазанов.
Бұл ретте жобаның басты мақсаты – сапалы, жоғары технологиялық медициналық қызметті ауыл тұрғындарына барынша жақындату.
Жыл соңына дейін 655 ауылдық медициналық нысанның 99-ы пайдалануға берілетіні, олардың құрылысына 28 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгені айтылды.
Сондай-ақ 32 көпсалалы ауданаралық орталық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Биыл оның төртеуінде күрделі жөндеу және кеңейту құрылыстары бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарды 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл тұрғындары Абай облысының әкімімен кездесті
Келесі жаңалық
Қазақстанда 24 млн тоннадан астам астық бастырылды