Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Ажар Ғинияттың өңір бойынша сапар бағдарламасы Ақкөл аудандық ауруханасына барудан басталады
Денсаулық сақтау министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді
Фото: https://primeminister.kz/ 16.11.2022 09:41 1387

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өңір бойынша сапар бағдарламасы Ақкөл аудандық ауруханасына барудан басталады, онда министр осы медициналық ұйымның базасында медициналық жұртшылықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді.

Содан кейін министр Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылының дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысады.

Көкшетау қаласына келгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Көпсалалы облыстық ауруханаға баруды, сондай-ақ облыс тұрғындарымен есептік кездесу өткізуді, азаматтарды жеке қабылдауды және өңірлік коммуникация қызметінің алаңында брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға