Жаңалықтар

Денис Теннің өлімі: қылмыскерлердің жазасы өзгеріссіз қалды

Денис Теннің өлімі: қылмыскерлердің жазасы өзгеріссіз қалды
Фото: ҚР ҰОК 10.10.2024 11:17 536

Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді өлтірген екі жігіттің жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың адвокаттары тамыз айында Жоғарғы сотқа екеуін де ақтап алу туралы шағым түсірген.

Судьялар істі кассациялық сотқа жіберуден бас тартты, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осылайша, Жоғарғы сот істі кассациялық сотқа жіберетіндей соттың немесе тергеудің жұмысынан қандай да бір құқық бұзушылықты немесе өзге де негізді таба алмаған.

Естеріңізде болса, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапты.

Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға