Жаңалықтар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттырады

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттырады
Фото: sports.kz 23.02.2023 14:48 2563

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдістері енгізілген бағдарлама дайындалды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білім беру бағдарламасы нормативтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық бағыттарды, білім сапасын арттыру жағдайында білім беру мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың дене тәрбиесін қамтиды.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықовтың айтуынша, орталықтың лекторлар құрамы қалыптасқан. Тыңдаушылар сауалнамасын зерттеуден соң биылдан бастап оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Оған ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу тақырыптары және ұлттық спорт түрлері бойынша оқытудың заманауи әдістері қосылды.

«Биыл орта білім беру ұйымдарының 12 мыңға жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бюджеттік негізде кәсіби біліктілігін арттырады», - деді ҰҒПДТО бас директоры Сағдат Садықов.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізген талдау негізінде бағдарламаларға инклюзивті білім беру және практикалық дайындықты арттыру ұсынысы енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға