Жаңалықтар

Демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды
Демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Фото: primeminister.kz 28.11.2022 20:02 759

Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға