Жаңалықтар

Демократизация процесіне куә болып отырмыз – Ежи Олендзкий

Демократизация процесіне куә болып отырмыз – Ежи Олендзкий
Фото: El.kz 19.03.2023 11:07 598

Шет мемлекеттердің байқаушылары жаңа форматтағы сайлау науқанын ерекше бағалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан тарихи сәттермен таң қалдыруда. Демократизация процесіне куә болып отырмыз. Шындығында Жаңа Қазақстан лезде қалыптасып келеді. Дауыс берушілер саны артып, халық өзгерістерге ат салысуда. Қоғамның саясатқа белсенділік танытуы ерекше әсер қалдырды», - дейді «Бойма» атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Олендзкий.

Брифингте Гленг Холе үлкен тізімді кандидаттардың арасынан таңдау жасап, дауыс беріп жатқан азаматтарға қолдау білдірді.

Әр учаскенің атмосферасы ерекше. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскелерге келіп дауыс беріп жатқандығы ерекше әсер қалдырды. Әр кандидат пен саяси партияларды зерттей келе таңдау жасағандары мемлекет ісіне деген оң көзқарастарын дәлелдейді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға