Жаңалықтар

Демалыстан оралған блогер-миллионер ұсталды

Демалыстан оралған блогер-миллионер ұсталды
Фото: instagram.com/ayazshabutdinov 03.11.2023 17:04 16246

Блогер Аяз Шабутдинов шетелдегі демалыстан соң Мәскеуге оралған бойда қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол тәртіп сақшыларынан қашып өзінің үйіне емес, әдейі жалға алынған пәтеріне барған. Дегенмен Шабутдиновті полиция қызметкерлері сол жерден қолға түсірген. Ол алаяқтық жасады деген айыппен ұсталған.

Аяз Шабутдинов сайтында өзі туралы «Кәсіпкерлерге арналған технологиялық компания мен names кампустар желісінің негізін қалаушы. Инвестор. Миллиардер» деп жазады.

Аяздың әрекеті прокуратура органдарының күмәнін тудырғанына біраз болған, дегенмен ол көптен бері шетелде жүрді. Ал 3 қараша күні әлеуметтік желіде екі миллионнан астам оқырманы бар блогер Ресейге оралған.

Ол әлеуметтік желіде жеткен жетістіктері жайлы жазып, видеороликтер жасайды, сол арқылы өзгелерді өзінен үлгі алуға шақырады.

Аяз блогында адамдарды өз ісін ашуға үйретіп, табысты арттырудың жолдарын бөліседі екен. Ал оның базалық білім алу бағдарламаларының құны 7,5 миллион теңге тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға