Жаңалықтар

Демалыс күндері аптап ыстық болады

Оңтүстікте 46 градусқа дейін күн ысиды
Демалыс күндері аптап ыстық болады
Фото: baq.kz 22.07.2022 18:18 1457

Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады.

25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді.

Ал елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасы аздап көтеріледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға