Жаңалықтар

Демалыс күндері жауын-шашынды болады

16.05.2025 15:18 541
Демалыс күндері жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі. Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жаңбыр мен бұршақ 17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17-18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамырда Ұлытау, Түркістан облыстарында, 18-19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында, 19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жамбыл облыстарында болжанады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман түсуі ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға