Жаңалықтар

Демалыс күндері күн жылына ма?

Демалыс күндері күн жылына ма?
Фото: © Pixabay.com 15.03.2024 14:01 1319

«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қар түріндегі  жауын-шашын күтіледі. 16 наурызда күндіз, 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Жауын-шашынсыз ауа райы 16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.

Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылынуы мүмкін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылынады деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға