Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады

 ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ пен боран болады деп болжануда. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Оқи отырыңыз