Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: © El.kz 01.12.2023 17:02 1006

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман, жел 15-29 м/с, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массаларының енуі күтілуде, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға