Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы +26 градус дейін жылынады

Демалыс күндері ауа райы +26 градус дейін жылынады
Фото: © Pixabay 24.03.2023 12:18 484

Синоптиктер 25-27 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр, желдің күшейеді. 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда тұман болады.

Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды. Республиканың батысында термометрлер бағандары: күндізгі уақытта 12-26 градус жылы, солтүстік-батыста 5-20 градус жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25 градусқа дейін жылы болады. Таулы аймақтарда +8+13 градусқа дейін жылынады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға