Жаңалықтар

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 03.02.2023 16:27 1212

Қазгидромет демалыс күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ күтіледі.

Желдің соғуы күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі болжануда. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады.

Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы плюс мәнге жетеді, күндіз 2-10° С жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға