Жаңалықтар

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: tolqyn.kz 30.12.2022 17:15 1188

«Қазгидромет» РМК  31 желтоқсан - 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Елдегі ауа райын Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық майдандар айқындайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран соғады, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, жауын-шашын күтіледі. 1 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады», - делінген синоптиктердің болжамында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға