Жаңалықтар

Де Монтфорт еліміздің білім саласына инвестиция құюға ниетті

Сонымен қатар тараптар шетелдік студенттердің үлесін арттыру мәселелерін талқылады.
Де Монтфорт еліміздің білім саласына инвестиция құюға ниетті
Фото: дереккөз 19.10.2022 02:35 1615

Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Де Монтфорт университеті өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрлік мәліметіне қарағанда, басқосуда Де Монтфорт Лестер университетінің ректоры, профессор Кэти Нормингтон жоғары оқу орнының стратегиялық дамуы, сондай-ақ Де Монтфорт Қазақстан университетінің инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салу жоспарлары туралы айтты.

Министр Саясат Нұрбек кадр даярлау бағытын магистрлік және докторлық бағдарламаларды, әсіресе инженерлік мамандықтар, өмір туралы ғылым, биотехнология бойынша енгізу жағына қарай кеңейту жөнінде ұсыныс жасады.

Сонымен қатар тараптар шетелдік студенттердің үлесін арттыру мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға