Жаңалықтар

ДДСҰ пандемия қашан аяқталатынын айтты

ДДСҰ пандемия қашан аяқталатынын айтты
Фото: roscontrol.com 14.03.2023 10:29 901

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін тапсыру кезінде айтқан.

Биыл қандай да бір уақытта COVID-19, қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін, - деді Гебрейесус.

Сонымен қатар ДДСҰ басшысы 11 наурызда ДДСҰ алғаш рет COVID-19 індетін пандемия деп жариялағанына үш жыл толғанын айтты.

Оның айтуынша, қазір әлем "пандемия кезіндегіден әлдеқайда жақсы жағдайда".

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға