Жаңалықтар

Давид Лория: Беделді клубтардың академияларын Қазақстанда да ашу керек

Давид Лория: Беделді клубтардың академияларын Қазақстанда да ашу керек
Фото: Давид Лорияның жеке мұрағатынан 31.08.2023 11:00 699

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Бішкекте өткен матчқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігінің Бішкектегі арнайы тілшісі хабарлайды. 

Лория матчтың екінші таймында алаңға шықты.

Айта кетейік, «Барселона» аңыздарымен» өткен матч аталған клубтың Джалал-Абад қаласында академиясының ашылуы аясында өтті.

Лорияның сөзіне қарағанда, мұндай академияларды көптеп ашу керек.

Турнирдің ұйымдастырылуына өте жоғары баға беремін, бізді жақсылап күтіп алды. Өте қызықты матч өтті деп ойлаймын. Каталония клубының аңыздары бір бас жоғары екенін өздеріңіз көрдіңіздер. Тиісінше осындай мықтыларды тәрбиелеген клубтың академиялары көптеп ашылуы керек. Бұл футболдың дамуына зор үлесін қосатын бастама деп ойлаймын, - деді Давид. 

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы академияның жұмысы Орталық Азиядағы футболдың дамуына оң серпін береді деп санайды. 

Бұл академия Орталық Азия футболының дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Оның нәтижесін алдағы уақытта міндетті түрде көретін боламыз, - деп қосты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға