Жаңалықтар

Дауыс беруге саяси партиялар емес, нақты азаматтар енгізіледі

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті
Дауыс беруге саяси партиялар емес, нақты азаматтар енгізіледі
Фото: El.kz 21.01.2023 12:06 1443
Бұл туралы ОСК екінші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
«Бүгінгі күні тіркелген саяси партиялардың филиалдары өңірлердің барлығында құрылмағандықтан, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығының партиялық тізімдерін ұсыну облыстық конференцияларда жүзеге асырылады деп болжануда», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
 
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беруге саяси партиялар емес, нақты адамдар енгізілетіндігін атап өтті.
 
«Мәслихаттар депутаттығына партиялық тізімдерді енгізу 8 ақпанда аяқталады. «Байтақ» пен республикалық саяси партиялар өңірлерде өз филиалдарын ашып, тіркелген жағдайда сайлауға қатысуға рұқсат алуларына мүмкіндіктер бар. Сайлау процесіне өзін өзі ұсынуға болады», - деді.
 
ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша, Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғарғы органы, яғни, съезд мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізілетінін атап өтті.
 
«Саяси партиялар осы саяси партияға мүше болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімдерге енгізу құқылы емес. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімге ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдарына партиялық тізімге інгізілген әрбір адам үшін Заңға сәйке, ең төменгі жалақының бес еселенген ең төменгі жарнасын енгізеді. Бүгінгі күнге 350 мың теңге», - деді ол.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға