Жаңалықтар

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды
03.07.2023 09:10 704

Екі бірдей министрлікті басқарған, Президент әкімшілігінде орынбасар болған Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға