Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыханов өзінің ұлын Қазақстанның үздік жаттықтырушысы ретінде марапаттады

Дәулет Тұрлыханов өзінің ұлын Қазақстанның үздік жаттықтырушысы ретінде марапаттады
Фото: Ашық дереккөзден 25.12.2023 22:20 784

Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында бірқатар балуандар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ересектер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі команда капитаны  Азамат Дəулетбековке автокөліктің кілті табысталса, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды әрі 2023 жылдың ең нәтижелі балуаны – Ризабек Айтмұханға баспана берілді. Сондай-ақ, U23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионы  Сұлтан Әсетұлына пәтердің кілті және күміс жүлдегер - Асылжан Есенгелдіге, қола жүлдегер атанған Алтын Шағаеваға, Ирина Кузнецоваға қаржылай сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының  жеңімпазы - Исхар Құрбаевқа Астана қаласындағы пәтердің кілті табысталды. Ал қола жүлдегер – Дінислам Сағитжанға ақшалай сертификат берілді. Бұдан бөлек XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері - Мейіржан Шермаханбетке қола жүлдегерлер -  Азат Садықов, Әлімхан Сыздықовқа ақшалай сыйлықтар табысталды. 

Ағымдағы жылы Қазақстан төрінде өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне де федерация тарапынан арнайы ақшалай сертификаттар табысталды. 

Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындаАзия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне де құрмет көрсетілді. 

Айта кететін жайт, спортшылардан бөлек, төрешілер мен бапкерлерге де арнайы номинациялар бойынша сыйлықтар берілді. 

«2023 жылдың үздік спортшысы» номинациясының жеңімпазы Ризабек Айтмұхан атанса, «2023 жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясына Қонысбек Түкенов пен Данияр Тұрлыханов ие болды. «2023 жылдың үздік төрешісі» номинациясының жеңімпазы Игорь Лигай болса, «2023 жылдың үздік медицина маманы» номинациясында Ардрей Клипан лайық деп танылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға