Дастан Сәтпаев Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды

 aladop.kz
Фото: aladop.kz

Transfermarkt порталы маусым басталғалы бері ойыншылардың бағасы туралы мәліметті жаңартып жатыр. Соның ішінде «Қайрат» футбол клубының 17 жастағы экс-шабуылшысы  Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны қымбаттады.

 Дастан Сәтпаев әлі де  Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылар тізімінде тұр. Порталдың мәліметіне сай оның нарықтағы құны – 3,5 миллион еуро. Футболшының трансферлік бағасы 500 мың еуроға көбейген. Бұдан бұрын Transfermarkt порталы 3 млн еуроға бағалаған-ды. 

Transfermarkt бағасы бойынша ҚПЛ-дегі ең қымбат ТОП-10  ойыншы: 

1. Дастан Сатпаев («Қайрат», 17 жас) – 3,5 млн еуро (+500 мың);
2. Иван Башич («Астана», 24 жас) – 1,5 млн еуро (+300 мың);
3. Мақсат Абраев («Астана», 18 жас) — 1 млн еуро (+800 мың);
4. Ги-Марселин Килама («Ордабасы», 27 жас) – 1 млн еуро;
5. Жоржиньо («Қайрат», 28 жас) – 1 млн еуро (+200);
6. Пабло Альварес («Ақтөбе», 29 жас) – 1 млн (-200 мың);
7. Бранимир Калаица («Астана», 28 жас) – 900 мың;
8. Әлібек Қасым («Астана», 28 жас) – 850 мың еуро (+100 мың);
9. Темірлан Анарбеков («Қайрат», 22 жас) – 800 мың еуро (+400 мың);
10. Даниэль Соса («Ақтөбе», 27 жас) – 800 мың еуро.

Дастан Сәтпаев биыл «Қайрат» сапында 2025 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Суперкубокты да жеңіп алды. 

Жаза кетейік, футболшы Лондонның "Челси" клубына 4,3 миллион еуроға (шамамен 2 миллиард 385 миллион теңге) ауысқан еді. Бұл – Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер. 

Дастан Сәтпаевта "Қайрат" пен Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютанты және ең жас гол авторы" деген де атақ бар. Сонымен қатар, ол есімін Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас 3 футболшының қатарына енгізді. 

20 жасқа дейінгі үздік сұрмергендердің қатарына кірді

Сондай-ақ ұлттық құраманың 10 нөмірлі шабуылшысы  20 жасқа дейінгі футболшылар арасында көп гол соққан ойыншылардың ондығына енді. Жас  сұрмергендер рейтингінде 18 жастағы испан Ламин Ямаль 56 голмен көш бастап тұр. Ал қазақстандық футболшы 25 голмен тоғызыншы орынға жайғасты. Ол осы көрсеткіш бойынша ирландиялық Мелиямен тең нәтиже көрсеткен.

Тізімде сондай-ақ бразилиялық Эстеван, Эндрик және Райан, австралиялық Иранкунда, сербиялық Милошевич, нигериялық Иленихена және венесуэлалық Мартинес сынды талантты футболшылар бар. 

Оқи отырыңыз