Жаңалықтар

Дарынды адамдардың еңбек ету аясын кеңейтуіміз керек - Азаматхан Әміртаев

Дарынды адамдардың еңбек ету аясын кеңейтуіміз керек - Азаматхан Әміртаев
Фото: El.kz 16.03.2023 21:13 889

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің партиямыздың экономикалық, әлеуметтік бағыты жоғары. Ең алдымен экономика мен әлеумет дегенді дұрыс түсініп алуымыз керек. Бүгінгі таңда еліміздің 90 пайызы әлеуметтік мәселені құрап отыр. Әсіресе, қарапайым тұрғын үй мәселерінде жол жоқ, жылу жоқ және тағы басқаларын айтуға болады. Біз сайлау науқанында қаншама халықпен кездестік. Өңірлердегі бір тұрғынымыз өзінің авто салонын салып жатыр екен. Әріптестерге айтарым, кәсіпкерлікті дамыту дегеніміз монополияны қолдау емес,ол дарынды адамдарды қолдау, іскер адамдарды қолдау.

Дарынды адамдардың мүмкіндіктері мен еңбек аясын жетілдіруіміз керек. Ал біздің еліміз бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту аясы 15 пайызға да жетпейді. Бүгінгі күні қоршаған ортаға әкеліп отырған 364 млн тонна СО2-нің 48 пайызын 120 кәсіпорын жасап отыр. Біздің ауруға шалдығып отырған азаматтарымыз, қаншама жастар қатерлі ісік ауруымен ауруда.

Өңірлерге назар салсақ, көбінесе Қарағанды, БҚО, Теміртау өңірлерінің тұрғындарының денсаулығы нашарлаған. Біз қоршаған ортаға зиян әкелдік. Адамның денсаулығы мен әлеуметті ойламадық, міне сондықтан біздің партиямыздың мақсаты «Жасыл экономиканы» дамыту, оған инвестиция саламыз», - деді Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға