Жаңалықтар

«Дарын» жастар сыйлығына өтініш беру ережесі өзгерді

«Дарын» жастар сыйлығына өтініш беру ережесі өзгерді
Фото: gov.kz 07.03.2023 14:58 1440

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен «Дарын» сыйлығын беру және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық бағытта қызмет атқаратын және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін 35 жастан аспаған ҚР азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады», - делінген құжатта.

Айта кетейік, бұрын «Дарын» сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 29 жастан аспаған қазақстандықтарға тағайындалатын. Сыйлықты әр номинация бойынша ең көп дегенде тек 2 үміткерге беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ақшалай сыйақы олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты бұрын алған азамат қайта өтініш бере алмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға