Жаңалықтар

«Дәрігер қателігі». Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатқанын айтты

«Дәрігер қателігі». Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатқанын айтты
Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy 26.03.2024 10:20 12527

Композитор, ақын Құрманай Бақтиярқызы Instagram парақшасында денсаулығы жайлы жазба жариялап, кезекті отасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, бүгінде оған жетінші рет ота жасалған.

Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы, – деп жазды Құрманай Бақтиярқызы. 

Ақын жеті рет ота жасатуға қатысты желі қолданушыларының сұрағына жауап беріп, дәрігердің қателігінен болғанын атап өтті.

Иә, дәрігер қателігі болса да мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің таңғалды, - дейді ақын.

Еске салайық, бір ай бұрын әнші Алтынай Жорабаева белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының ауыр жағдайы туралы айтқан еді. Кейіннен ақынның отадан кейін оянғаны туралы мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға