Маманның сөзінше, ерте қартаюдың басты себебі — ультракүлгін сәулелердің әсері. Сондықтан дәрігер күн сайын далаға шығар алдында теріні қорғау үшін SPF-құрамды кремдерді қолдануға кеңес береді.
Сонымен қатар, ол қантты шамадан тыс тұтыну тері серпінділігін төмендетіп, оның құрылымын әлсірететінін атап өтті. Тағы бір маңызды фактор — темекі түтініндегі зиянды химиялық қосылыстардың ағзаға әсері.
Дәрігер ерте қартаюдың алдын алу үшін күнделікті рационға жеткілікті мөлшерде ақуыз қосып, темекіден бас тартуға және қажет болған жағдайда пайдалы дәрумендер мен биоқоспаларды қабылдауға кеңес берді.