Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті

Дархан Қыдырәлі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 14.05.2023 04:22 1211

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорған қаласында Жетісу жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Министр салада атқаралып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді жан-жақты айтып берді. Ақпарат, жастар, дін, инклюзия, азаматтық қоғам, жалпы, елге қажетті мәліметтер сөз болды.

Тұрғындар қоғамдағы түйткілді жайттарды көтерді. Диструктивті ағымдармен күрес, медиа контент, жалған ақпараттың алдын алу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды. 

Кездесуден соң министр жеке сұрақтары бар азаматтарды қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға