Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті
Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: gov.kz 20.01.2023 18:52 625

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жүздесу түрік тарапының бастамасы бойынша Өкілетті елшінің миссиясының аяқталуына орай өтті.

Жиын барысында Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы және министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді.

«Кейінгі үш жылда қазақ-түрік қатынастары одан әрі нығайып, қос тарап түрлі салаларда, әсіресе медиа, жастар саясаты  бағытында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асты", - деді министр.

Өз кезегінде Уфук Экиджи мырза министрліктің құзіретіндегі салалардың қызметіне жоғары бағасын берді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Уфук Екиджи мырзаның дипломатиялық миссияның аяқталуына орай, алдағы маңызды әрі жауапты қызметтеріне толайым табыстар тіледі.

Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға