Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі: «Nauryz» сыйлығы түркі жұртына ортақ байқауға айналады деп үміттенеміз

Дархан Қыдырәлі: «Nauryz» сыйлығы түркі жұртына ортақ байқауға айналады деп үміттенеміз
Фото: ҚР АҚДМ 31.03.2023 19:20 1000

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Nauryz-2023» ұлттық телесериалдар бәйгесінде шараның маңыздылығына, отандық телесериал нарығының дамуына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз – жаңару мен жасарудың, гүлденудің символы. Дәстүрлі жыл басында өткізіліп отырған бұл байқау отандық сериалдардың жаңа сатыға көтерілуіне сеп болады деп сенеміз. Жалпы, соңғы жылдары елімізде креативті индустрия, сериалдар өндірісі өркендеп келеді. Мемлекет басшысы да осы саланың дамуына айырықша екпін берді. Сериалдардың саны да, сапасы да артып келеді. Оларға бөлінетін қаражатты да ұлғайтуды мақсат етіп отырмыз, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға