Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дархан Қыдырәлі алғы сөзінде Шаһин мырзаны жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады.
Дархан Қыдырәлі өткен жылдың желтоқсан айында алғаш рет өткен Орталық Азия медиа форумының ұйымдастырылуына белсенді қатысқаны үшін Халықаралық Түркі академиясына шын жүректен алғысын білдірді.
Екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша бірқатар кездесулер өткізу пысықталып жатыр.
Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасы «Қорқыт ата» телехикаясын Өзбекстан және Қырғызстан телеарналарымен бірлесіп түсіріп жатыр.
Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Шаһин мырзаның қызметіне сәттілік тіледі.
Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясының президентімен кездесті
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік