Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың көшірмесін сыйға тартты

Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың көшірмесін сыйға тартты
Фото: dimashnews.com 05.03.2024 14:10 785

Академик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты. Бірегей олжа 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған болатын. Аталмыш қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Экспедицияны сол кезде Халықаралық Түркі академиясының президенті болған Дархан Қыдырәлі басқарған болатын. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды. Ал, II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негізгі кілт көзі болды.

Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылды.

Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік, – дейді Дархан Қыдырәлі.

Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың көшірмесін сыйға тартты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға