Жаңалықтар

Данияр Шамшаев Ташкент турнирінің жартылай финалына шықты

Данияр Шамшаев Ташкент турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Olimpic.kz 02.03.2024 12:38 701

Ташкентте дзюдодан басталған Гранд Слэм турнирінде Данияр Шамшаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

73 келіде белдескен отандасымыз ресейлік Махмадбек Махмадбековті жеңіп, ширек финалда басым түсті. Ол бұған дейін іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Енді ол жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевпен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 81 келіде Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан Абылайхан Жұбаназар 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитимен белдеседі.

Бұдан бөлек, 73 келіде Асқар Нарқұлов Польша балуанына жол берсе, 81 келіде Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанынан ұтылып қалды. Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанынан айласын асыра алмады. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шыққан жоқ. Ташкент турнирінің алғашқы күнінде 48 келіде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен бірге, Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жарысты 7-орынмен аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға