Жаңалықтар

Данияр Шамшаев Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін сынға түседі

Данияр Шамшаев Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін сынға түседі
Фото: Olimpic.kz 02.03.2024 13:39 1352

Ташкентте өтіп жатқан Гранд Слэмі турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық Данияр Шамшаев жартылай финалдық сында ресейлік балуанға есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

73 келіде белдескен отандасымыз дейін іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековтен басым түсті. Алайда жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевке есе жіберді.

Сондай-ақ, 81 келіде Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан Абылайхан Жұбаназар 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитиді қапы қалдырды. Енді ол жартылай финалдың жолдамасы үшін Омар Бажаблимен сынға түседі.

Бұдан бөлек, 73 келіде Асқар Нарқұлов Польша балуанына жол берсе, 81 келіде Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанынан ұтылып қалды. Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанынан айласын асыра алмады. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шыққан жоқ. Ташкент турнирінің алғашқы күнінде 48 келіде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен бірге, Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жарысты 7-орынмен аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға