Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды. Енді бас бапкерлік қызметті Данияр Қайсанов атқаратын болады.
Данияр Қайсанов - жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.
2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында бесінші орынға тұрақтады.
Еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында ұйымдастырылып, бапкерлер құрамы толық таныстырылады деп күтіліп отыр.
Данияр Қайсанов еркін күрестен ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалды
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі