Жаңалықтар

Данияр Елеусінов спорт мектебінен 1,5 жыл бойы жалақыны заңсыз алып отырған

Данияр Елеусінов спорт мектебінен 1,5 жыл бойы жалақыны заңсыз алып отырған
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar 01.11.2023 12:21 839

Кәсіпқой боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жалақы дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

КТК телеарнасының мәліметінше, ол спорт мектебінен 1,5 жыл бойы заңсыз алып келген жалақысын қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.

Жақында ғана бір жарым жыл бойы алып келген жалақының барлығын кері қайтардым. Осылайша, спорт мектебіндегі жұмыстан шықтым. Енді ол жерде жұмыс істемеймін. Салық мекемесіне барып, арнайы есеп жүргізіп, барлығын төледім. Көп сома деуге келмейді. Тәжірибем де тоқтап тұр. Ресми түрде жұмысқа орналасу керек, бірақ кәсіби бокста жүргендіктен, ол әзірге мүмкін болмай тұр. Мен өз елімде жұмыс істеуге, өскелең ұрпақпен тәжірибемді бөлісуге дайын болдым. Ешқандай өкпе жоқ. Қазір бәрі жақсы. Жақында шаршы алаңға ораламын деп үміттенемін, - деді кәсіпқой боксшы.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің өзі АҚШ-та бола тұра, Қазақстанда жаттықтырушының жалақысын алып жүргені жайында ақпарат тараған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға