Жаңалықтар

Данияда Құран өртелді

Данияда Құран өртелді
Фото: t.me/ru2ch 23.07.2023 02:22 1126

Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында Құран көшірмелерін өртеу акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арандату шарасын "Danske Patrioter" ("Дат патриоттары") тобының мүшелері ұйымдастырды.

Олар акцияны әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Ұйымдастырушылар бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірді.

Акция полицияның күшейтілген күзетімен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға