Жаңалықтар

Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидия алып келген

Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидия алып келген
Фото: total.kz 04.07.2023 12:52 8925

Даниал Ахметовтің қызы Павлодар облысында жеке кәсіпкер ретінде субсидия алып отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында тілшілер ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен осы мәселенің анық-қанығын сұрады.

Оқи отырыңыз:

«Бір өңірді басқарған әкімнің қызы мемлекеттен субсидия алғаны қаншалықты дұрыс?» деген сауалға министр былай деп жауап берді:

Gosagro.kz сайтында 51 мың тіркелген. Олардың бәрі тауар өндірушілер. Олар жерін, малын көрсетеді, ешкім олардан сенің әкең не шешең кім, өзің кімсің деп сұрамайды. Мен министр ретінде тауар өндірушілерді бөле-жара алмаймын. Заң аясында болса, оған ешкім ештеңе дей алмайды. Оның ата-анасына, тұрмыс деңгейіне қарамаймыз. Қазір бәрінің ата-анасын анықтап отыратын болсақ, ол бассыздық болып кетеді. Субсидия алуға заңды негіз болды ма? Міне, осы мәселе маңызды. Соны анықтау керек, – деді Ербол Қарашөкеев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға