Жаңалықтар

Дана Нұржігіт жаңа қызметке тағайындалды

Дана Нұржігіт жаңа қызметке тағайындалды
Фото: instagram.com/berikuali 04.04.2023 17:32 3526

Дарынды журналист, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт «Хабар» телеарнасына қайта оралды. Бұл туралы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дана Өмірбайқызының журналистика саласындағы өмірі «Хабар» арнасымен тікелей байланысты. Талай жыл редактор, продюсер болды. Жаңалықтарды және өзге де өзекті бағдарламаларды жүргізді. Соңғы жылдары саяси мемлекеттік қызметте болып, Сенат депутаты ретінде елдік деңгейдегі түйінді мәселелерді көтеріп, олардың оңтайлы шешімін табуына қызу атсалысты. Аса маңызды заңдардың қабылдануына тікелей қатысты. Заң шығарушы органның қызметін жанымен сезініп, көзімен көрді. Тәжірибесі мол, білімі терең, білігі жоғары әріптесіміз келесі аптадан бастап Мақсат Толықбаймен кезектесіп «Хабар» арнасының басты саяси-қоғамдық ток-шоуын жүргізеді, - деп жазды Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт 2019 жылы ҚР Президентінің жарлығымен VI-шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. 2020 жылы Құрмет орденімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға