Жаңалықтар

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюта бағамы қандай?

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюта бағамы қандай?
Фото: sn.kz 09.01.2023 19:09 1660

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 6 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы қарастырылып отырған кезеңде 0,3%-ға (461,97-ден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 463,31 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 23 желтоқсан мен 2023 жылғы 6 қаңтар аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. Желтоқсанда АҚШ-та ауыл шаруашылығынан тыс жұмыс орындарының саны 223 мыңға өсті, жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ға дейін 0,2%-ға төмендеді, орташа жалақының ж/ж өсуі 4,6% құрады. ҚХР ковидке қарсы шектеулерді алып тастауға кірісті, атап айтқанда, 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап елге кірушілер үшін карантин жойылады.

Бұл факторлар негізінен дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасына ықпал етті.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы 1,1%-ға (19,37-ден 19,15-ке дейін) нығайды. Желтоқсандағы негізгі мөлшерлеме бойынша отырыстың жарияланған хаттамасына сәйкес, Басқарма мүшелерінің бірі Мексиканың Орталық Банкіне негізгі мөлшерлемені күткеннен тезірек көтеру қажет болуы мүмкін деп мәлімдеді, өйткені Мексикамен салыстырғанда АҚШ-та инфляцияның тез баяулау тәуекелі артып келеді;
  • үнді рупиясы мұнай баға белгілеулерінің теріс динамикасы аясында 0,2%-ға (82,87-ден 82,73-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы бюджеттік шығыстардың ықтимал ұлғаюына байланысты инфляцияның одан әрі жеделдеу тәуекелдері аясында 0,3%-ға (18,66-дан 18,72-ге) дейін әлсіреді. Желтоқсанда бағаның ж/ж өсуінің 64,3% дейін баяулауы жоғары базаның статистикалық әсерінен болды;
  • Индонезия рупиясы капиталдың әкетілуі мен АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 0,3%-ға (15 593-тен 15 633-ке дейін) әлсіреді. Индонезияның ОБ шетел валютасына жоғары сұранысқа байланысты валюталық интервенциялар жүргізді;
  • Оңтүстік Африка ранды басқарушы партияның экономикалық өсуді қолдау бойынша функцияларды беру мақсатында ОБ-ның мандатын кеңейту ниеті туралы хабарлар аясында 0,5%-ға (17,02-ден 17,11-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Президент жақтастарының бензин салығынан босатуды ұзартуды жоспарлап отырғаны, мұның елдің фискалдық орнықтылығына теріс әсері туралы хабарлар аясында 1,4%-ға (5,16-дан 5,23-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі аясында 2,7%-ға (70,2-ден 72,12-ге дейін) әлсіреді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға