Жаңалықтар

«Дала қырандары» республикалық турнирі өтуде

«Дала қырандары» республикалық турнирі өтуде
Фото: Спорт және дене шынықтыру комитеті 18.12.2023 00:33 868

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Дала қырандары» республикалық турнирінің салтанататты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.

Спорт шарасының салтанатты ашылу рәсіміне спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы және «Qazaq kuresi» қауымдастығының президенті Ербол Мырзабосынов, «Qazaq kuresi» қауымдастығының бас директоры Ерлан Естек және сала ардагері Серік Төкеев қатысты.

Аталмыш турнир 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгіндері бұл жарыс қазақ күресі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналып үлгерді. Жарыс тек үздік балуандарды бір кілемде жинап қана қоймай, сонымен қатар қазақ күресінің ұлылығы мен тереңдігін көрсетеді.

Дәстүрлі турнирде жыл бойғы рейтингтік жарыстарда 8 салмақ дәрежесінде жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түсуде. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды әлем және Азия чемпионатының, әлем кубогінің, Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпаз-жүлдегерлері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға