Жаңалықтар

Дәрігерлердің жалақысы тағы да өседі

Жоба 2021-2025 жылдар аралығында қамтылады.
Дәрігерлердің жалақысы тағы да өседі
Фото: uralskweek.kz 21.09.2022 10:59 1337

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Дені сау ұлт» жобасы аясында дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz

«Дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артып келеді. Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте орта медицина қызметкерлерінің жалақысы шамамен 235 мың болды», - деді министр. 

Жоба 2021-2025 жылдар аралығында қамтылады.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендегені туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға