Жаңалықтар

Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының өкілі Президентке алғыс білдірді

Пандемия кезінде адам баласы оңай күн кешкен жоқ.
Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының өкілі Президентке алғыс білдірді
Фото: gov.kz 13.09.2022 12:06 1537

Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының өкілі Абдель Азиз бен Ахмад Сархан VII діндер съезінің жоғары дәрежеде өтетініне сенім білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысы Абукарим әль-Исаның атынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілік пен келісім құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған үздіксіз күш жігері, діндер мен өркениеттер, халықтар арасындағы адам өмірінің мәнін орнықтыруға деген қажырлы ұмтылысы және экстремизмге, фанатизмге шақырушыларды сыңға алуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бұрынғы президенттің лайықты ізбасары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысымызды білдіреміз»,- деп өз алғысын білдірді Ахмад Сархан.

Дін өкілдерінің осындай ауқымды съезде бас қосуының өзіндік маңызы бар екенін де атап өтті.

«Пандемиядан кейінгі өтіп отырған съездің адамдар үшін маңызы бар екенін айтқым келеді. Пандемия кезінде адам баласы оңай күн кешкен жоқ. Сондықтан оларды қолдауда руханияттың маңызы зор. Бүгін біз осы күш жігеріміздің арқасында жаңа әлемнің пайда болғанына куә болып отырмыз»,- деді Ахмад Сархан.

Айта кетейік, елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы өтіп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға