Жаңалықтар

Cу тасқыны: Ақтөбе облысында 105 тұрғын эвакуацияланды

Cу тасқыны: Ақтөбе облысында 105 тұрғын эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 17.03.2023 13:27 629

Бұл туралы Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бір тәулік ішінде Байғанин, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында тасқын судың жолы бөгелді. 10 000-нан астам қап төселіп, 30 000-ға жуық текше метр су сорылған.

Қобда ауданының Қобда ауылында 51 тұрғын үйден су сору жұмысы жалғасып жатыр. Бұған дейін эвакуацияланған 74 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 230 адам туыстарының үйіне орналасты, - делінген хабарламада.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Кеше Ойыл ауданының Екпетал және Қаратал ауылынан 105 тұрғын алдын ала эвакуацияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға